«Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда
Цифровой Казакстан   22.09.2020   2693
Мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде алудың негізгі себептері азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігі туралы хабардар және мемлекеттік қызметтерді элек¬тронды форматта алу дағдыларының болмауы, яғни цифрлы сауаттылықтың төмендігі болып саналады. Осыған байланысты, Волонтерлер жылы аясында Алматы облысында электронды мемлекеттік қызметтер мен мобильді қосымшаларды насихаттау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының қолдауымен «Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда.